Астанада мас күйдегі ер адам полициямен төбелесіп, 3 жылға бас бостандығынан айырылды

Астана қаласында мас күйдегі ер адам полиция қызметкерлерімен жанжал шығарып, төбелеске барған.
Оқиға елорданың тұрғын үйлерінің бірінің ауласында болған. Алкогольдік масаң күйдегі ер адам полицейлермен қақтығысқа түсіп, олардың заңды талаптарына бағынудан бас тартқан. Сондай-ақ ол боқтап сөйлеп, қызметкерлерді қорлап, ақырында төбелес шығарған.
Қақтығыс салдарынан полиция қызметкерлері дене жарақатын алған, алайда олардың денсаулығына зиян келмеген.
Сот отырысында ер адам кінәсін толық мойындап, өкініш білдірген. Соған қарамастан, сот үкімі бойынша ол 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


