Павлодар облысында далада жоғалған жұмысшылар табылды

🚨 Павлодар облысында жоғалып кеткен жұмысшылар табылды

112 пультіне ЖШС-нің бірінің қызметкерлері жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Олар 28 наурыз күні сағат 15:00 шамасында Ақшиман ауылдық округінің дала аймағына шығып, содан кейін байланысқа шықпаған.
⛑️ Бүгін ТЖД қызметкерлері, полиция және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен жүргізілген бірлескен іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жоғалғандар «Ақшоқы» шалғай нүктесі ауданынан табылды.
Ер адамдарға медициналық көмек қажет болмады.
✅ Анықталғандай, көлік батпаққа батып қалып, қою тұман салдарынан ер адамдар бағдардан жаңылысқан. Таңға жуық олардың екеуі электр желілерінің бағытымен жүріп, Малайсары–Ақшиман жолына шығып, оқиға туралы хабар берген. Қалған екі адам көлікте болған.
@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе


