Павлодар облысында анасы үш күндік сәбиін сатпақ болды деген күдікпен ұсталды

Павлодар облысында Түркістан облысының 23 жастағы тұрғыны үш күндік баланы сатуға әрекеттенді деген күдікпен ұсталды.
Полиция мәліметінше, әйел жүктілік кезінде-ақ сатып алушыларды іздеген. Босанғаннан кейін ол үш күндік қыз баланы 800 мың теңгеге беруге тырысқан, алайда дәл осы сәтте құқық қорғау органдары оны ұстаған.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына (ИВС) қамалды. Жаңа туған нәресте дәрігерлердің бақылауында, оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
t.me/kriminal_kazakhstan
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


