Павлодарда полицейлер жаңа туған нәрестені 800 мың теңгеге сату әрекетінің жолын кесті ☄️

☄️ Ана болу құны – 800 мың теңге: Павлодарда полицейлер жаңа туған нәрестені сату әрекетінің жолын кесті
Түркістан облысында 23 жастағы әйел жүктілігінің соңғы кезеңінде әлеуметтік желілер арқылы болашақ сәбиін сатып алатын адамдарды іздеген.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері бұл заңсыз әрекетті дер кезінде әшкерелеп, қылмыстық жоспарды толық құжаттап, күдіктіні ұстады.
Әйел босанғаннан кейін небәрі үш күндік нәрестені ақшаға бермек болған сәтінде қолға түсті. Полицияның жедел әрі кәсіби іс-қимылының арқасында сәбиге төнуі мүмкін ауыр және қайтымсыз қауіптің алдын алу мүмкін болғаны айтылды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі таңда жаңа туған қыз бала дәрігерлердің бақылауында. Оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты тексеріліп, заң аясында тиісті құқықтық баға берілетіні көрсетілді.
Полиция адам саудасының кез келген түрі, әсіресе балаларға қатысты қылмыс қатаң түрде тоқтатылатынын ерекше атап өтті.
#ЗАҢМЕНТӘРТІП
📱 POLISIA.KZ


