Президентке өткен жылдың қорытындылары мен 2026 жылға арналған білім беру міндеттері таныстырылды

Президентке өткен жылдың қорытындылары мен 2026 жылға арналған міндеттер таныстырылды.
Жулдыз Сулейменова оқу бағдарламалары мен оқулықтардың мазмұнын жаңа Конституция құндылықтарын ілгерілету мақсатында жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.
«Таза Қазақстан» бастамасы аясында экологиялық білім беру стандарты әзірленіп жатыр. Мектептерде «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы да енгізілуде.
Ол бастауыш білім мазмұнына жүйелі талдау жүргізілгенін жеткізді. Оқу бағдарламалары оқу, жазу және арифметика дағдыларын күшейту бағытында қайта қаралуда.
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 460 мың оқушы орнына арналған 217 мектептің құрылысы аяқталғаны хабарланды.
Білім беру жүйесін цифрландыру шеңберінде кешенді шаралар іске асырылып жатыр. Қазіргі таңда мектептердің 99%-ы интернетке қосылған.
«Әлеуметтік әмиян» жобасына 6 760 мектеп қосылған. Дипломдар, аттестаттар және анықтамалар цифрлық форматта қолжетімді. «Ұстаз» платформасы педагогтерді аттестаттауды толық автоматтандыруды қамтамасыз етеді.
240 мыңнан астам педагог жасанды интеллектіні қолдану бойынша қайта даярлаудан өтті. Тағы 200 мың мұғалім ChatGPT Edu жобасы аясында ИИ-ассистенттерді қолдануды меңгереді.
Инфрақұрылымды дамыту мақсатында 184 білім беру нысаны пайдалануға берілгені айтылды. 80 үш ауысымды және 31 апатты мектептің мәселелері шешілген. 209 мектепке күрделі жөндеу жүргізіліп, 1 192 пәндік кабинет заманауи жабдықтармен қамтылған.
Балабақша кезегі шамамен 2 есеге қысқарған.
Мемлекет басшысы білім сапасы мен қолжетімділігін арттыру, оқушы орындарының тапшылығын қысқарту, жұмысшы кадрларды даярлау жүйесін дамыту, бюджет қаражатын тиімді пайдалану және білім беруді цифрлық трансформациялау бойынша, оның ішінде Qazaq Digital Mektebi жобасын іске асыруға қатысты бірқатар тапсырма берді.
Президент алдағы 3 жыл ішінде «Келешек мектептері» жобасындағы мектептерде озық тәжірибені енгізуді маңызды деп санайды.


