Астанада балалар аулада тұрған көлікті бүлдірді

Астанада аулада тұрған автокөлікті балалар бүлдірген оқиға тіркелді.
Оқиға Косшығұлұлы көшесінде болған. Кадрлардан ұл балалардың тұрақта тұрған көліктің капотына шығып, алдыңғы әйнегін тепкені көрінеді.
Куәгерлердің айтуынша, бұл бір реттік жағдай емес: камералар осы ауданда басқа көліктердің де зақымданғанын тіркеген.
Полиция департаменті кәмелетке толмағандардың жеке басы анықталғанын хабарлады. Олар әкімшілік жауапкершілік жасына толмағандықтан, тиісті емес тәрбие бергені үшін хаттамалар олардың ата-аналарына толтырылған.
Материалдар кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға жолданды.
t.me/kriminal_kazakhstan
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


