Айгерім Саттыбаева Азия чемпионатында жартылай финалға шықты

Қазақстан құрамасының өкілі Айгерім Саттыбаева бокстан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты.
48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен 1/4 финалда қазақстандық боксшы рингте Өзбекстан өкілі Сабина Бобокуловаға қарсы жұдырықтасты.
Жекпе-жек толық қашықтыққа созылып, Саттыбаеваның жеңісімен аяқталды: төрешілер шешімі — 3:2.
Осы нәтижемен Айгерім Азия чемпионатының жартылай финалына өтіп, өзіне кемінде қола медальді қамтамасыз етті.
Еске салайық, Азия чемпионаты-2026 Улан-Баторда (Моңғолия) өтіп жатыр және 10 сәуірге дейін жалғасады.
Азия чемпионатының медалі үшін Қазақстан – Өзбекстан жекпе-жегі ірі есеппен аяқталды
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


