Сагындық Тоғамбай бокстан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Улан-Баторда (Моңғолия) өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында қазақстандық боксшы Сагындық Тоғамбай жартылай финалға шықты.
Тоғамбай 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында Қытайдан келген Сюэжэнь Ханмен жұдырықтасты. Жекпе-жек толық үш раундқа созылып, төрешілер шешімімен Сагындық Тоғамбайдың 4:1 есебімен айқын жеңісімен аяқталды.
Сондай-ақ соңғы раундта Тоғамбай қарсыласын нокдаунға жіберді.
Ширек финалдардың қорытындысы бойынша қазақстандық боксшылар Азия чемпионатында 10 медальға кепілдік берді.
Алғашқы жартылай финалдар ертең, 6 сәуірде өтеді.
Еске салайық, Азия чемпионаты-2026 Улан-Баторда (Моңғолия) өтіп жатыр және 10 сәуірге дейін жалғасады.
Бұған дейін жартылай финалға Сабыржан Аққалықов пен Айгерім Саттыбаева шыққан болатын.


