Маңғыстау облысында патрульдік полицейлер жаңбыр астында келе жатқан шетелдік туристке көмектесті

🚔 Маңғыстау облысында патрульдік полицейлер шетелдік туристке көмектесті
Оқиға Шетпе – Сайөтес тасжолының 231/555 шақырымында, Ман-ата асуының маңында болған. Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Венгрия азаматы Даниэлді жаңбыр астында жаяу келе жатқан жерінен байқап қалған. Белгілі болғандай, ол Венгрия бағытынан Ақтау қаласына қарай жол тартқан.
Қызмет барысында жүрген полиция капитандары Ербол Жалғасов пен Әбіш Тайманов азаматтың жағдайын байқап, бірден тоқтап, қажетті көмек көрсеткен. Олар жолда өтіп бара жатқан автокөлікті тоқтатып, шетелдік азаматты қауіпсіз түрде жеткізу үшін көлікке отырғызып жіберді.
Полиция тұрғындар мен қонақтарды жолда сақ болуға шақырып, кез келген қиын жағдайда полиция қызметкерлері әрдайым көмек көрсетуге дайын екенін еске салды.
#БІЗДІҢПОЛИЦИЯ


