Ақтауда жүргізуші жолда жалғыз жүгіріп жүрген кішкентай баланы байқап, патрульдік полицияға тапсырды

Ақтауда кішкентай бала жолдың жүріс бөлігінде жалғыз жүгіріп жүргені байқалды. Оқиға куәгері болған өтіп бара жатқан жүргізуші баланы жол жиегіне шығарып, ықтимал жол-көлік оқиғасының алдын алды.
Оқиға сенбі күні кешке, 14 наурызда, 34а және 35 шағынаудандар арасындағы автожолда болған.
Сол сәтте маңайда патрульдік полиция қызметкерлері жүрген. Патрульдік полиция ротасы командирінің орынбасары, капитан Тилеккабыл Жанбиев пен аға инспектор, капитан Нурсултан Измуратов баланы қызметтік көлікке отырғызып, болған жағдай туралы Жедел басқару орталығына хабарлаған.
Кейінірек баланың ата-анасы оны көзден жоғалтып алғандықтан, 102 қызметіне жүгінгені анықталды. Бала ата-анасына аман-есен тапсырылды.
Полиция ата-аналарды мұқият болуға және балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды.

