Алматыда 2027 жылдан бастап ауаны қорғаудың жаңа ережелері толық күшіне енеді

2027 жылдан бастап Алматыда ауаны қорғаудың жаңа ережелері толыққанды қолданысқа енгізіледі.
Өзгерістер барлық тарапқа қатысты болады: жүргізушілерге, бизнеске және жеке секторға. Атап айтқанда, автокөліктер үшін катализаторлардың болуы және шығарындылар бойынша нормаларды сақтау міндетті талапқа айналады.
Жаңа нормалар тек көліктерге ғана қатысты емес. Мысалы, қалалық III санаттағы нысандар сүзгілер орнатуға, шаң басу технологияларын енгізуге міндеттеледі. Сондай-ақ олар тұрақты түрде зертханалық өлшеулерден өтеді.
Анықтама: Нысан (III санат) – ғимарат, құрылыс, олардың кешені, алаң немесе аумақ. Оның шегінде әртүрлі қызмет түрлері, негізінен өндіріс жүзеге асырылады: фторопласт, қағаз және т.б.
Сонымен қатар газдандырылған аудандарда қатты және сұйық отынды пайдалануға тыйым салынады.
Күтілетін нәтиже – смогты азайтып, қаладағы ауаны таза ету.
Еске салайық, Алматының орталығында «шығарындылары төмен аймақ» пайда болды.
Сондай-ақ: Алматыға ақылы кіру: мәслихат ережелерді бекітті.


