«Қазгидромет» 27 наурызға Астана, Алматы және бірқатар қала тұрғындарына ауа сапасына қатысты ескерту жариялады

«Қазгидромет» ресми сайтында Астана, Алматы және басқа қалалардың тұрғындарына арналған ескерту жариялады.
Ақпарат жұма күнгі ауа сапасы болжамына қатысты.
Хабарламада: «27 наурызда Алматы, Астана, Қарағанды, Теміртау, Петропавл, Павлодар қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі» делінген.
Қолайсыз метеожағдайлар (ауаның ластануы) — қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тынық ауа, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Бұл факторлар атмосфералық ауаның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал етеді.
Қалалар бойынша болжам
Астана: - Ауа райы: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз - Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ - Жел: шығыс бағыттарынан 3–8 м/с - Температура: түнде 2–4° аяз, күндіз 9–11° жылы
Алматы: - Ауа райы: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз - Жел: оңтүстік-шығыстан, кейін батысқа ауысады, 3–8 м/с - Температура: түнде 6–8° жылы, күндіз 22–24° жылы
Қарағанды: - Ауа райы: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, кей уақытта тұман - Жел: шығыс, солтүстік-шығыс 3–8 м/с - Температура: түнде 0–2° жылы, күндіз 13–15° жылы
Қарағанды облысы: - Жауын-шашынсыз ауа райы болжанады - Өңірдің батысында, солтүстігінде және шығысында тұман болуы мүмкін - Жел: шығыс, солтүстік-шығыс 7–12 м/с, таңертең және күндіз оңтүстікте екпіні 15 м/с - Температура: түнде 2° аяздан 3° жылыға дейін, шығыста 7° аяз; күндіз 10–15° жылы, батыста 5°, оңтүстікте 18° жылы
Петропавл: - Ауа райы: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман, көктайғақ - Жел: оңтүстік-шығыс 2–7 м/с - Температура: түнде 0–2° жылы, күндіз 9–11° жылы
Павлодар: - Ауа райы: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман - Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ - Жел: солтүстік-батыс 5–10 м/с - Температура: түнде 0–2° аяз, күндіз 10–12° жылы


