Алматыдағы Аль-Фараби даңғылындағы өлімге әкелген ЖКО-дан кейін полиция басшылығы қызметінен босатылды

Алматыдағы Аль-Фараби даңғылында үш жас адамның өмірін қиған резонансты жол-көлік оқиғасынан кейін Алматы полициясы басшылығының бірқатар өкілі қызметінен шеттетілді.
Не белгілі
Ведомство мәліметінше, ішкі істер министрі Ержан Саденовтің бұйрығымен Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары (сыртқы қызметтер мен жол қауіпсіздігіне жетекшілік ететін), сондай-ақ әкімшілік полиция және қоғамдық қауіпсіздік басқармаларының басшылары атқарып отырған қызметтерінен босатылған.
Оқиғаның мән-жайы
Алматыда 21 наурызға қараған түні өлімге әкелген апат болды: Аль-Фараби мен Мендикулов көшелерінің қиылысында Mercedes пен Zeekr көліктері соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапты.
Mercedes көлігінің 29 жастағы жүргізушісі және 20 және 22 жастағы екі жолаушы қыз оқиға орнында көз жұмған. Zeekr жүргізушісі аман қалып, жарақатпен ауруханаға жеткізілген.
Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша — «Екі немесе одан да көп адамның өліміне абайсызда әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу» — қылмыстық іс қозғалған. Бап санкциясы 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.
Алматы ПД бастығы Айдын Кабдулдиновтің айтуынша, күдікті жүргізуші ауруханада жатыр. Оның жағдайы тұрақтанғаннан кейін оған қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу қолданылатыны айтылған.
Көше жарысы туралы нұсқа
Әлеуметтік желілерде тараған видеожазбаларда авторлар апатқа көше жарысы себеп болуы мүмкін екенін мәлімдеген. Олардың айтуынша, ықтимал жарысқа полиция департаментінің жоғары лауазымды қызметкері қызметтік көлікпен қатысуы мүмкін.
Мәжіліс депутаты Мурат Абенов те оқиғаға полицейдің қатысы болуы ықтимал екенін айтып, әлеуметтік желіде жарияланған видеожазбамен өз күдігін негіздеген.
«Был ли замешан в гонках высокопоставленный сотрудник полиции Алматы? Есть подозрение, что одним из участников гонок на Аль-Фараби, которая привела к смерти троих молодых ребят, был полицейский. Поэтому все скрывают. Прошу МВД дать пояснения», – написал Абенов.
Депутат жариялаған видеода ер адам болжамды жарысқа қызметтік көлікпен полиция департаменті басшыларының орынбасарларының бірі қатысуы мүмкін екенін айтады.
«Ең қатаң шаралар қабылданады»
Бұған дейін Алматы полиция департаменті қызметтік тексеріс басталғанын хабарлаған.
«Департаментом полиции проводится служебное расследование, будет дана чёткая правовая оценка, будем принимать самые жёсткие меры, если сотрудники виновны», – заявил начальник департамента полиции Алматы Айдын Кабдулдинов.
Бейсенбі, 26 наурызда, ішкі істер министрі Ержан Саденов Аль-Фараби даңғылындағы резонансты ЖКО туралы пікір білдіріп, Instagram әлеуметтік желісінде жазба жариялаған. Ол Алматыдағы апат салдарынан қаза тапқандардың туған-туыстарына көңіл айтқан.
Сондай-ақ оның айтуынша, ықтимал заңбұзушылықтар туралы уәждер бойынша бір мезгілде қылмыстық істер қозғалып, кейбір лауазымды тұлғалар қызметінен айырылған.


