Алматыда құтқарушылар Кіші Алматы өзеніне түсіп кеткен автокөлікті судан шығарып алды

Алматы қаласының ТЖД 112 пультіне бүгін куәгерлерден Кіші Алматы өзенінің арнасында, «Алмарасан» шатқалында автокөлік тұрып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Хабарлама алынғаннан кейін ТЖМ «Барыс» РЖҚ құтқарушылары, Құтқару қызметі, ТЖД және «Қазселденқорғау» мамандары оқиға орнына жедел түрде жетті.
ТЖМ «Қазселденқорғау» автокранының көмегімен және құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде автокөлік судан шығарылып, иесіне берілді. Зардап шеккендер жоқ.
Құтқарушылар қауіпсіздік шараларын сақтауға және су деңгейі көтерілген кезеңде өзен арналары мен тау шатқалдарына автокөлікпен бармауға шақырды.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


