Астанада 140 монша сыпыртқысын ұрлаған ер адам ұсталды

Астанада 140 монша сыпыртқысын ұрлады деген күдікпен ер адам ұсталды.
Тергеу мәліметінше, 46 жастағы астаналық құлыпталмаған уақытша тұрғын үйге кіріп, ішіндегі сыпыртқыларды алып кеткен. Келесі күні ол тағы да сыпыртқы алу үшін қайта келмек болған, алайда үй иесі оны байқап қалып, күдікті сол сәтте қашып үлгерген.
Кейін ер адам үйінен табылып, ұсталды. Ұрланған заттарды сатып үлгермегені айтылды. Қазір ол изоляторда, полиция оның басқа ұрлықтарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


