Қызылордада құлыпталып қалған көліктен 3 жастағы бала құтқарылды

🚨 Қызылордада көлікте қалып қойған бала құтқарылды
Қызылорда қаласы Сол жағалау шағын ауданында дүкен маңында автокөліктің есігі құлыпталып, ішінде 3 жастағы бала қалып қойғаны туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері қолда бар құралдардың көмегімен көліктің есігін ашып, баланы ата-анасына тапсырды.
Бала зардап шеккен жоқ.
ТЖМ ескертеді: балаларды қараусыз қалдырмаңыздар.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...




