Риддерде монтажшылар өрт кезінде 1950 жылы туған тұрғынды құтқарды

Риддер қаласының Қонаев көшесінде орналасқан тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде өрт шықты.

Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін осы үйде жұмыс жүргізіп жатқан монтажшылар түтінге толы пәтерден 1950 жылы туған ер адамды құтқарып қалды.
Көмек сұраған дауысты естіген монтажшылар баспалдақ арқылы түтінге оранған пәтердің терезесіне көтеріліп, үй иесін таза ауаға алып шықты.
Оқиға орнына келген өрт сөндіру бөлімшелері пәтердегі өртті 2 шаршы метр аумақта сөндірді.
ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


