Қонаев қаласында құтқарушылар пәтерде қамалып қалған 2022 жылы туған баланы анасына табыстады

Қонаев қаласында «112» пультіне пәтерде кішкентай баланың қамалып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына келген құтқарушылар альпинистік құрал-жабдықтардың көмегімен 4-қабаттан 3-қабатқа түсіп, еденде 2022 жылы туған баланы байқаған. Осыдан кейін олар пәтер есігін ішінен ашып, сәбиді анасына табыстады.
❗ ТЖМ ескертеді: кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаңыз.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


