ТЖМ құтқарушылары Қарағандыда пәтерде қамалып қалған балаларға көмектесті

Қарағанды облысының 112 пультіне Қарағанды қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде екі кішкентай баланың есікті іштен жауып, пәтерде жалғыз қалғаны туралы хабар түсті. ☎️
Құтқарушылар альпинистік жабдықтың көмегімен 8-қабаттан 5-қабатқа түсіп, пәтерге кірді. ⛑️ Ішінде 2024 жылы туған егіз сәбилер болған. Балалар анасына тапсырылды, зардап шеккендер жоқ.
Сондай-ақ Анжерская көшесінде пәтер ішінде 2 жастағы бала қамалып қалған. 🚪 Құтқарушылар есікті ашып, сәбиді тапты — ол зардап шеккен жоқ.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...




