Қарағандыда құтқарушылар биік ағашқа шығып кеткен мысықты түсірді

Қарағанды қаласында құтқарушылар биік ағашқа шығып кеткен мысыққа көмектесті.
🐱 112 пультіне Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданы, 1-квартал аумағында мысықтың биік ағашқа шығып, өздігінен түсе алмай жатқаны туралы хабарлама түсті.
⛑️ Оқиға орнына келген құтқарушылар үш иінді сатыны пайдаланып ағашқа көтеріліп, жануарды түсірді.
☀️ Құтқарушылар әр өмірдің маңызды екенін атап өтті.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...




