Лига чемпиондары: 1/4 финал қорытындысы және жартылай финал матчтарының кестесі белгілі болды

15-інен 16 сәуірге қараған түні Лига чемпиондары 1/4 финалының қарымта матчтары аяқталды. Нәтижесінде Еуропаның басты турнирінің жартылай финалына төрт команда жолдама алды.
1/4 финалдың қорытындысы Жартылай финалға шыққан командалар: - мадридтік «Атлетико» - лондондық «Арсенал» - мюнхендік «Бавария» - француздық «Пари Сен-Жермен»
Екі матчтың қорытынды есептері: - «Атлетико» (Испания) — «Барселона» (Испания): 3:2 (екі матчтың қорытындысы, «Атлетико» пайдасына) - «Арсенал» (Англия) — «Спортинг» (Португалия): 1:0 (екі матчтың қорытындысы, «Арсенал» пайдасына) - «Бавария» (Германия) — «Реал» (Испания): 6:4 (екі матчтың қорытындысы, «Бавария» пайдасына) - «Пари Сен-Жермен» (Франция) — «Ливерпуль» (Англия): 4:0 (екі матчтың қорытындысы, ПСЖ пайдасына)
Осылайша, Лига чемпиондарының жартылай финалына Англия, Германия, Испания және Франциядан бір-бір командадан өтті.
Лига чемпиондары 1/2 финалы: кесте Жартылай финал кезеңі 28-інен 29 сәуірге қараған түні басталады.
Жұптар: - «Атлетико» (Испания) — «Арсенал» (Англия) - «Пари Сен-Жермен» (Франция) — «Бавария» (Германия)
Қазіргі уақытта матчтардың қандай ретпен өтетіні нақты емес. Дегенмен: - бірінші ойын 29 сәуір түні, - екінші ойын 30 сәуір түні өтетіні белгілі.
Ал қарымта матчтар тиісінше: - 6 мамыр түні және - 7 мамыр түні ойналады.
Барлық матчтар Қазақстан уақытымен 00:00-де басталады.
Сонымен қатар, бұған дейін «Барселонаның» бразилиялық вингері Рафинья турнирден шығып қалғаннан кейін Лига чемпиондары матчындағы төрешілік туралы пікір білдірген.
«Барселонаның» Лига чемпиондарындағы матчы үш голмен аяқталды
Ал мюнхендік «Баварияның» жанкүйерлері түнде мадридтік «Реал» ойыншылары қонған қонақүйдің алдында бірнеше фейерверк атқан. Оқиға кадрлары видеоға түсіп қалған.
Лига чемпиондарында «Бавария» мен «Реалдың» матчы жеті голмен аяқталды


