Лига чемпиондары 1/4 финалы: «Атлетико» «Барселонаны» «Камп Ноуда» 0:2 есебімен жеңді

9 сәуірге қараған түні мадридтік «Атлетико» Чемпиондар лигасының 1/4 финалындағы алғашқы матч аясында каталондық «Барселонаны» жеңді.
Кездесу «Камп Ноу» стадионында (Барселона, Испания) өтті.
Командалардың құрамдары
«Барселона»: Гарсия (В), Кунде, Кубарси, Мартин, Канселу, Педри, Гарсия, Ольмо, Рэшфорд, Ямаль, Левандовски.
«Атлетико»: Муссо (В), Молина, Ле Норманд, Ганцко, Руджери, Коке, Льоренте, Симеоне, Лукман, Гризман, Альварес.
Бірінші тайм
Бірінші таймның соңында алаң иелері азшылықта қалды. 44-минутта Пау Кубарси соңғы үміт фолын жасап, «Атлетико» айып добын орындау мүмкіндігіне ие болды.
Допқа Хулиан Альварес келіп, стандартты тамаша орындап, допты қақпа торына тоғытты.
Екінші тайм
70-минутта «Атлетико» басымдығын еселеді. Қорғаушы Руджери сол қапталдан ауыстырудан шыққан шабуылшы Александр Сёрлотқа асырды, ал ол бірден соққымен допты қақпаға енгізді.
Ойынның қорытынды есебі — 0:2, «Атлетиконың» пайдасына.
Қарымта кездесу бір аптадан кейін, 15 сәуірге қараған түні «Атлетико» стадионында өтеді.
Параллель матчта француздың «Пари Сен-Жермені» Чемпиондар лигасының 1/4 финалындағы алғашқы ойында ағылшынның «Ливерпулін» жеңді.
Ал бұған дейін, 8 сәуірге қараған түні лондондық «Арсенал» лиссабондық «Спортингті» ұтса, мюнхендік «Бавария» мадридтік «Реалды» жеңді.


