Карим Мендиканованың бапкері «Барселонамен» келісімшарттан кейін футболшының алғашқы қадамдары туралы айтты

Каталониялық «Барселонамен» келісімшартқа қол қойған 15 жастағы футболшы Карим Мендиканованың алғашқы бапкері Даурен Ихсанов ойыншының кәсіби футболға дейінгі жолы мен алғашқы қадамдары туралы әңгімеледі.
Ихсановтың айтуынша, Карим Орал қаласында 2017 жылы, 6 жасында оның жетекшілігімен жаттыға бастаған.
Бапкердің сөзінше, «Барселонамен» келісімшартқа дейін Карим басқа команданың құрамында каталондық клубты да ұтып үлгерген.
«За 4 года он с нами и в Казань ездил, и в Астану, и в Алматы. Там команда брала призовые места. В Турции тоже были на международном турнире, но там стали четвертыми. Потом Карим переехал в Астану, и через год-полтора они поехали в Испанию. Его отец - Руслан - повез его в академию "Леванте", полгода был там, а затем сменил еще несколько команд в Испании. В феврале в этом году я видел, как с одной из них он "Барселону" обыграл», — деді футболшының алғашқы бапкері.
Талант ерте жастан байқалған
Маманның айтуынша, Карим Мендиканованың қабілеті ең жас кезінен-ақ көрінген.
«Он отличался среди своих сверстников. У нас команда 2011 года рождения была очень сильная. Сейчас многие из этой команды играют. Но Карим в мышлении выделялся. У него футбольное мышление было игровое. Сам он был маленьким, и у него были трудности, когда против него большие игроки попадались, но он за счет своей быстроты справлялся с этим. Ну и вы сами видите, какая скорость у него», — деді бапкер.
«Барселонамен» келісімшарт — күтпеген жаңалық
Даурен Ихсановтың пікірінше, Кариммен болған оқиғаның ауқымын қазір толық түсіну қиын. Ол «Барселона» туралы жаңалықтың өзі үшін де үлкен тосынсый болғанын айтты.
«Это было громом среди ясного неба. Мы знали, что он в Испании, но про это... Но у него отец скромный - никогда не пестрит, никогда не говорит про эти результаты. "Барселона" - это все равно бомба. Надеемся, что он закрепится, попадет в основу, будет играть и будет гордостью для всей нашей страны», — деді ол.
Сұхбат барысында бапкер бұл қадамды маңызды жетістік деп бағалады және мұны «үлкен клубтағы алғашқы қазақстандық» ретінде атап өтті.
Сондай-ақ, оның айтуынша, Каримнің кумирі Криштиану Роналду болған.
«Если я не ошибаюсь, его кумиром был Криштиану Роналду. Но так судьба распределила, что попал не в "Реал Мадрид", а в "Барселону"».
«Біз іргетасын қаладық»
Ихсанов 15 жастағы футболшының жетістігіндегі басты үлес әкесіне тиесілі екенін айтты.
«Я поздравляю его семью, всю его семью. Сейчас вот его дедушка звонил, писал. Очень рад, потому что дедушка тоже возил его на тренировки. Папа у него активный - на турниры выезжал: и зарубежные, и региональные, и внутри страны. Это в первую очередь его заслуга, что он вложил в него столько средств, столько сил.
И, естественно, Карима заслуга. Наша заслуга, наверное, в том, что мы его направили. Он просто полюбил футбол, скорее всего. И мы заложили, как говорится, фундамент просто. Четыре года - это большой срок для маленького футболиста», — деді Даурен.
Еске салайық, қазақстандық Карим Мендиканованың келісімшартқа қол қойғаны туралы ақпарат бір күн бұрын жарияланған. Мақалада оны «настоящим бриллиантом» деп атаған.
Жарияланған мәліметке сәйкес, Карим биылғы жазда «Барселонаның» юниорлық командасының ойыншысы атанады.


