Бекзат Алмахан UFC-дің Бакудегі турнирінде октагонға қайта оралатынын мәлімдеді

Қазақстандық ММА жауынгері Бекзат Алмахан UFC-дің Баку (Әзербайжан) қаласында өтетін турнирінде октагонға қайта оралатынын мәлімдеді. Сол кеште тағы бір қазақстандық спортшы — Асу Алмабаев та жекпе-жек өткізеді.
Алмахан әлеуметтік желіде бразилиялық Жан Мацумотоға қарсы жекпе-жегінің бейресми афишасы бар жазба жариялаған.
Мацумото да, Алмахан да соңғы жекпе-жектерінде жеңіліс тапқан: қазақстандық файтер қарашада Александр Топурияға есе жіберсе, бразилиялық спортшы жақын ақпанда Фарид Башаратқа жол берген.
Бакудегі кездесу екеуі үшін де америкалық промоушенде өз орындарын нығайтуға мүмкіндік болуы мүмкін.
Алмаханың UFC-дегі жолы Еске салайық, Бекзат Алмахан UFC-дегі дебютін қысқа мерзімде келісім алып, Хабиб Нурмагомедовтың ағасы Умар Нурмагомедовқа қарсы өткізген. Бірінші раундта қазақстандық спортшы тәжірибесі мол әрі танымал қарсыласын шайқалта алған.
Алайда жекпе-жек соңында төрешілер шешімі қарсыластың пайдасына шыққан.
Келесі жекпе-жекте Бекзат соққы күшін толық көрсетті: ол Брэд Катонды 64 секундта нокаутқа түсіріп, бұл көрсеткіш UFC-де қазақстандықтар арасындағы ең жылдам жеңістің жаңа рекордына айналды.
Одан кейінгі кездесуде Алмахан тағы да төрешілер шешіміне дейін жетіп, бұл жолы да жеңіс қарсыласқа — UFC чемпионы Илия Топурияның ағасы, испаниялық Александр Топурияға берілді.
Бұған дейін 27 маусымда Бакуде өтетін UFC турнирінде промоушендегі рейтингі ең жоғары қазақстандық файтер ретінде Асу Алмабаев өнер көрсететіні белгілі болған.
Сондай-ақ UFC-дегі тағы бір қазақстандық спортшы — Алиби Идирис — тыйым салынған заттарды қолданғаны үшін бір жылдық дисквалификация алған.


