Айдар Махметов UFC-пен келісімшарт туралы қауесетке пікір білдірді: қазақстандық жаңа файтер кім болуы мүмкін?

Аралас жекпе-жек (ММА) сарапшысы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Айдар Махметов UFC промоушенімен келісімшартқа қол қойды делінген, аты аталмаған қазақстандық файтер туралы тараған ақпаратқа қатысты өз болжамын айтты.
Әлеуметтік желілерде қырғызстандық ММА файтерлерінің менеджері Солто Эсенгуловтың видеосы кең тарады. Ол Қазақстаннан тағы бір спортшы жақын арада әлемдегі басты жекпе-жек лигасында өнер көрсететінін мәлімдеді. Менеджердің айтуынша, аты аталмаған қазақстандық файтердің қарсыласы австралиялық спортшы болады және келісімшарт туралы ресми түрде жақын уақытта жарияланады.
"Еще один контракт с UFC едет в Казахстан. Ждите анонс уже на этой неделе на официальном канале UFC", — заявил менеджер в соцсетях.
Осыдан кейін жанкүйерлер әлеуметтік желілерде жаңа өкіл кім болуы мүмкін екенін талқылай бастады. Нұсқалар қатарында Саламат Исбулаев, Азамат Бакытов, Сундет Айткул, Артем Белах және Жалгас Жумагулов аталды.
Айдар Махметовтің пікірінше, бірқатар файтер жақын уақытта промоушенге қосылуы мүмкін, алайда дәл қазір біреудің бірден UFC-ке алынғанына күмән бар.
"У меня есть сомнения, что кого-то из Казахстана взяли. Мне кажется, там перепутали с девочкой из Кыргызстана, которую подписал Саят Абдрахманов в Road to UFC, Фаридой Абдуевой. У меня есть такое ощущение. На мой взгляд, сейчас пока сложно кому-то из наших ребят зайти", — рассказал эксперт.
Махметовтің айтуынша, промоушенге өтуге жақсы мүмкіндігі болғандардың бірі — Санжар Адилов, бірақ оған дағыстандық файтер Рашид Вагабовтан жеңілуі кедергі келтірген.
"Для меня это особенно обидно, потому что Санжар стал чемпионом мира в 2017 году среди любителей на пятом чемпионате мира, который я проводил в Астане, став лучшим бойцом того чемпионата. У меня всегда была большая вера в Санжара, потому что и технически очень оснащённый боец. Но почему-то не везёт в последний момент ему. Уже пару раз такие ситуации были. Надеюсь, он это преодолеет и всё-таки попадёт в UFC, потому что время тоже уже поджимает — ему уже, по-моему, 30 лет", — добавил он.
Сарапшы Диас Еренгаиповтың да мүмкіндігін атап өтті. Оның сөзінше, ол 57 келі салмақта өнер көрсетеді және өте мықты файтер, бірақ медиялық тұрғыдан бір нәрсе жетіспейтіндей әсер қалдырады.
"Диас Еренгаипов, например, есть у нас — тоже 57 килограммов. Очень серьёзный боец. Но как будто с медийной точки зрения чего-то не хватает. Хотя Диас и по-английски разговаривает, и дерется интересно. Просто сам по себе вес 57 такой малозаметный в мировом ММА, а у нас именно в 57 сосредоточены наши наиболее сильные и крепкие бойцы, ребята", — рассказал Айдар.
Тағы бір ықтимал кандидат ретінде Махметов 65,8 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын Саламат Исбулаевты атады. Оның айтуынша, Исбулаев — Орынборда туған және өскен қазақ, қазір Қазақстан азаматтығын алған, PFL ұйымында өнер көрсетеді және өз жекпе-жегін жеңген.
"Казах, родившийся и выросший в Оренбурге. Сейчас получил казахстанское гражданство. Бьется на очень хорошем уровне. Бьется в PFL. Выиграл свой бой. Я думаю, что наиболее близок он к UFC будет. Но насколько сейчас речь про него, есть сомнения, потому что он с PFL подписал контракт на несколько боев и первый бой провел очень ярко.
Мне кажется, он из самых перспективных наших бойцов, хотя полностью воспитанником казахстанской школы ММА его вообще нельзя назвать, потому что он состоялся в России, став там чемпионом Европы и серебряным призером чемпионата мира", — отметил эксперт.
Сонымен бірге, қырғызстандық менеджердің жарияланымынан кейін көпшілік қазақстандық файтер қысқа мерзімді ескертумен 4 сәуірде австралиялық UFC спортшысы Стюарт Николлаға қарсы шығуы мүмкін деген болжам айтты. Бұл — датасы жағынан ең жақын австралиялық UFC файтері екені көрсетілді. Ал оның қарсыласы Алессандро Костидің жарақаты туралы әзірге белгісіз екені айтылды.
UFC ростеріндегі қазақстандық файтерлер Қазіргі уақытта промоушенде алты қазақстандық бар: Асу Алмабаев, Дияр Нургожай, Алиби Идрис, Бекзат Алмахан, Николай Веретенников және Шавкат Рахмонов.
Елдегі ең танымал ММА файтері Шавкат Рахмонов жарақаттан кейін қалпына келіп жатқандықтан, қазір промоушен рейтингінен шығарылған. Қазақстандықтар арасында үздік көрсеткіш Асу Алмабаевта — ол аса жеңіл салмақ рейтингінде сегізінші орында тұр.
Сондай-ақ, Алиби Идирис қанынан тыйым салынған зат анықталғаннан кейін UFC тарапынан дисквалификация алғаны белгілі болды.
Бұдан бөлек, Асу Алмабаевтың бапкері Эдуард Базров шәкіртінің UFC-тегі жаңа жекпе-жекке дайындығы қалай өтіп жатқанын айтқан.


