UFC жауынгерлер рейтингі жаңарды: Асу Алмабаев наилегчай салмақта 7-орынға көтерілді

Ultimate Fighting Championship (UFC) ұйымы жауынгерлер рейтингінің жаңа нұсқасын жариялады. Қазақстандықтар арасында ең жоғары орында тұрған спортшы — Асу Алмабаев. Ол наилегчай салмақ дәрежесіндегі кестеде екі сатыға көтерілді.
Өткен аптада Алмабаев бір сатыға төмендеген еді, алайда кезекті турнирден кейін қазақстандық спортшыны бірден 7-орынға орналастыру туралы шешім қабылданды.
Алмабаев Брэндон Моренодан озып шықты. Екеуі жекпе-жек өткізуі тиіс болған, бірақ Алмабаев жарақатқа байланысты октагонға шыға алмаған.
Еске салайық, ұйымның соңғы турнирінде Асу да, Морено да октагонға шыққан жоқ.
Сонымен бірге қазақстандық жартылай ауыр салмақтағы Дияр Нургожай UFC-дегі алғашқы жеңісін тіркеді.
Асу Алмабаев — UFC-дегі Қазақстаннан шыққан ең үздік жауынгер
Қазіргі уақытта UFC-де Қазақстанның алты өкілі бар: Шавкат Рахмонов, Асу Алмабаев, Бекзат Алмахан, Алиби Идирис, Дияр Нургожай және Николай Веретенников.
Бұл ретте Рахмонов аяққа жасалған жаңа операцияға байланысты оралуы кейінге шегеріліп, жартылай орта салмақ рейтингінен алынып тасталды. Ал қалғандары (Асу Алмабаевтан басқа) әзірге топ-15 қатарына кірген жоқ.
2026 жыл қазақстандық спортшылар үшін америкалық промоушенде сәтті басталды: Нургожайдан бөлек, Николай Веретенников пен Алиби Идирис те жеңіске жетті. Алайда бұл нәтижелердің ешқайсысы олардың топ-15 рейтингіне енуіне көмектеспеді.
Сондай-ақ бұған дейін қазақстандық MMA жауынгері Дияр Нургожай UFC-дегі алғашқы жеңісіне қатысты пікір білдіргені айтылды.
Ал Лас-Вегастағы UFC турнирінде америкалық Макс Холлоуэй (27-9) мен бразилиялық Чарльз Оливейра (37-11-0-1) аңызға айналған BMF белбеуі кімге бұйыратынын анықтады.


