Жастар алғаш рет құқық қорғау органдарымен бірге қала жолдарында профилактикалық рейдке қатысты

Қала жолдарында жастар алғаш рет құқық қорғау органдарымен бірлесіп жедел-профилактикалық іс-шараларға қатысты.
Бастама жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілікті арттыруға және қоғамдық қауіпсіздік мәселелеріне жастарды тартуға бағытталған. Жобаға қатысушылар жұмысқа үлкен ынтамен кірісіп, белсенді азаматтық ұстаным танытып, жолдардағы тәртіпті қамтамасыз етуге қызығушылық білдірді.
Алғашқы бірлескен рейд нәтижесінде бірқатар елеулі құқық бұзушылықтар тіркелді. Атап айтқанда, автокөлікті алкогольдік мас күйінде басқарудың 3 фактісі, жалған мемлекеттік нөмірі бар 5 көлік құралы, сондай-ақ құжатсыз жүрген 12 жүргізуші анықталды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар жастарға заң талаптарын сақтаудың және жол қозғалысына қатысушы әр адамның жеке жауапкершілігінің маңызын түсінуге мүмкіндік береді.
Бұл бағыттағы жұмыс жүйелі түрде жалғасады.
«Жастармен» жобасы өз форматтарын кеңейтуді жалғастырып, қазіргі жастардың өзгерістер туралы айтып қана қоймай, қауіпсіз әрі заңға бағынатын қоғам құруға қатысуға дайын екенін көрсетіп отыр.


