Тоқушы ауылындағы ауыл құтқарушылары фанера цехындағы өртті өз күшімен сөндірді

Тоқушы ауылының ауыл құтқарушылары ведомстволық бағдарлама аясында жаңадан ашылғанына қарамастан, тәжірибеде өз тиімділігін көрсетіп, өртті жедел түрде сөндірді.
Өрт Аққайың ауданы Тоқушы ауылындағы фанера цехының қазандық шатыры бөлігінде орын алды. Ауыл құтқарушыларының үйлесімді әрекеттерінің арқасында жалынның өндірістік ғимараттарға таралуына жол берілген жоқ.
Өрт төтенше жағдайлар қызметі бөлімшелерін тартусыз, өз күшімен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...




