Алматыда өрт кезінде 4 адам құтқарылып, 30 адам эвакуацияланды

Алматының Бостандық ауданында, Орбита-4 ықшам ауданында бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтердің балконы мен бөлмесінде өрт шықты.
ТЖД күштері баспалдақ арқылы, құтқару қалпақтарын пайдалана отырып, 4 адамды құтқарып, 30 адамды эвакуациялады. Эвакуацияланғандардың 10-ы — балалар.
Өрт 15 шаршы метр аумақта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...




