Жезқазғанда полицейлер жанып жатқан пәтерден ес-түссіз жатқан ер адамды алып шықты

🔥 Жезқазғанда полицейлер ер адамды жанып жатқан пәтерден алып шықты
Жезқазған қаласында 31 наурыз күні таңертең полицейлер өрт кезінде адамды құтқарды.
Таңғы сағат 06:24 шамасында кезекші бөлімге Бейбітшілік көшесіндегі (Мира көшесі) үйлердің бірінің пәтерінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына патрульдік полиция ротасының инспекторлары, жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері және жедел-тергеу тобы шұғыл жетті.
Көпқабатты тұрғын үйдің жоғарғы қабаттарын қою, едкий түтін басқан. Көріну деңгейі нөлге тең болып, тыныс алу қиын болғанына қарамастан, полиция қызметкерлері эвакуациялық шараларды ұйымдастырып, пәтерлерді аралап, тұрғындарды қауіпсіз жерге шығарған.
Өрт шыққан пәтерді тексеру барысында тәртіп сақшылары ес-түссіз жатқан ер адамды анықтады. Уақыт жоғалтпай, оны қауіпсіз жерге шығарып, кейін медицина қызметкерлеріне тапсырды.
Полиция қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында қайғылы оқиғаға жол берілмеді. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.
☑️ Заң мен тәртіп — әр азаматтың қорғаны.
#БІЗДІҢПОЛИЦИЯ
☑️ Закон и порядок — это когда идут туда, где опасно, и возвращаются не одни.
#НАШАПОЛИЦИЯ
📱 POLISIA.KZ


