Қызылорда облысында полицей өрттен екі баланы аман алып қалды

Қызылорда қаласында сағат шамамен 10:30-да тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты. Жалын төртінші қабаттағы пәтердің балконынан тараған, жағдай күрделі болған.

Оқиға кезінде сол маңнан өтіп бара жатқан полиция қызметкері Нұржан Нағашыбай жағдайды дереу бағалап, өрт ошағына қарай бет алған. Төтенше қызметтердің келуін күтпей-ақ, ол түтінге толы пәтерге кіріп, өртті сөндіруге кіріскен.
Пәтер ішінде ұйықтап жатқан екі бала болған. Полицей оларды оятып, қауіпті аймақтан алып шығып, аман алып қалған.
Кейін оқиға орнына қосымша күштер мен төтенше қызметтер келіп, жағдай толық бақылауға алынған.
#БІЗДІҢПОЛИЦИЯ
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


