Алматы облысы Тұздыбастау ауылында өрт кезінде 2 газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылып, жарылыс қаупі алдын алынды

Алматы облысы, Тұздыбастау ауылында жеке тұрғын үй аумағындағы уақытша құрылыстың шатыры жанды 🔥.

Оқиға орнына алғаш болып Тұздыбастау ауылының «Ауыл құтқарушылары» жасағы жетті 🚒. Олар ең алдымен 2 газ баллонын қауіпсіз жерге шығарып, жарылыс қаупінің алдын алды.
Өрт сөндірушілердің үйлесімді жұмысының арқасында өрт толық сөндірілді 🧑🚒. Зардап шеккендер жоқ.
Аталған жағдай ТЖМ-нің ведомстволық «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасының тиімділігін көрсеткені атап өтілді ✅. Жоба ауылдық жерлерде қауіпсіздікті арттыруға және жедел әрекет ету арқылы азаматтардың мүлкін сақтауға бағытталған.
📹 Кадрда: Алматы облысы ТЖД ресми өкілі Айгерім Қаныбекқызы.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


