Алматы облысында екі қабатты үйдегі өрт кезінде құтқарушылар ықтимал жарылыстың алдын алды

Алматы облысында 112 пультіне Еңбекшіқазақ ауданында екі қабатты жеке тұрғын үйдің жануы туралы хабарлама келіп түсті. ☎️

Өрт сөндіру бөлімшелерінің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт ошағынан екі газ баллоны шығарылды. 🧑🚒 Бұл шара ықтимал жарылыстың алдын алуға, өрттің көрші тұрғын үйлерге таралуына жол бермеуге және шаруашылық құрылыстарды сақтап қалуға мүмкіндік берді.
Өрт қысқа мерзімде толықтай сөндірілді. 🚒 Зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды еске салады. ❗
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


