Алматы облысы Қарғалы ауылында өрт кезінде 8 адам құтқарылып, эвакуацияланды

Алматы облысы Қарғалы ауылында бүгін түнде Бейсеуов көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерде төсек пен тұрмыстық заттардың жануы тіркелді.

ТЖМ күштері баспалдақ арқылы 8 адамды құтқарып, эвакуациялады. Өрт сөндірушілер келгенге дейін 25 адам, оның ішінде 6 бала, ғимараттан өздігінен көшеге шыққан.
Өрт қысқа мерзімде сөндірілді. Құтқарылғандар жеделдігі мен көмегі үшін құтқарушыларға шын жүректен алғыстарын білдірді.
Өрттің шығу себебі анықталуда.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


