Талғар ауданындағы Тұздыбастау ауылында шаруашылық құрылыстағы өрт оқшауланып, толық сөндірілді

Алматы облысының 112 пультіне Талғар ауданындағы Тұздыбастау ауылында жеке тұрғын үй аумағындағы шаруашылық құрылыста өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. ☎️

Оқиға орнына алғаш болып Тұздыбастау ауылының «Ауыл Құтқарушылары» ерікті өрт сөндіру пунктінің еріктілері жетіп, жедел түрде сөндіру жұмыстарына кірісіп, өртті оқшаулады. 🚒
Өрт сөндіру бөлімшелерінің үйлесімді және жедел әрекеттері өртті толық сөндіруге мүмкіндік берді. Өрттің таралуына жол берілмей, жақын орналасқан жеке тұрғын үй сақталып қалды. 🧑🚒
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


