Елордадағы мектепте газ баллонын шашқан кәмелетке толмағандар анықталды ⚡️

⚡️ Елордадағы мектептердің бірінде кәмелетке толмағандардың қатысуымен құқық бұзушылық фактісі тіркелді. Жоғары сынып оқушысы бұрын осы мектепте бірге оқыған қызбен бұзақылық ниетпен сыныптардың біріне газ баллонын шашқан. Сыныпта болған оқушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жоқ.
Оқиға бойынша кәмелетке толмағандардың жеке бастары анықталып, олардың әрекеттеріне құқықтық баға берілді.
Анықталғандай, газ баллонын тікелей шашқан кәмелетке толмаған бұған дейін бірнеше рет үйінен себепсіз кету бойынша профилактикалық есепте тұрған.
Аталған факті бойынша оқу орнында профилактикалық жұмыс ұйымдастырылды. Жасөспірімдермен және олардың заңды өкілдерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Материалдар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға қосымша шаралар қабылдау үшін жолданды.
Ата-аналар балаларының жасаған бұзақылығы үшін, сондай-ақ оларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды.
Полиция мұндай әрекеттердің жай еркелік емес, айналадағы адамдарға қауіп төндіретін қасақана әрекет екенін еске салды. Мұндай деректерге қатаң құқықтық баға берілетіні атап өтілді.
Заңнамада белгіленген тәртіппен бұл оқиғаға қатысты материалдар профилактикалық мақсатта, сондай-ақ осындай жағдайлардың қайталануын болдырмау үшін жария етілуі мүмкін.
❗️ Полиция ата-аналарды балаларының мінез-құлқына бейжай қарамауға шақырады.
#ЗАҢМЕНТӘРТІП
📱 POLISIA.KZ


