Елордадағы мектепте газ баллонын шашқан кәмелетке толмағандардың тұлғасы анықталды ⚡️

⚡️ Елордадағы мектептердің бірінде екі кәмелетке толмағанның қатысуымен оқиға тіркелді.
Мәліметке сәйкес, жоғары сынып оқушысы осы оқу орнының бұрынғы оқушысымен бірге бұзақылық ниетпен сыныптардың бірінде газ баллонын шашқан.
Сыныпта болған оқушылардың өміріне қауіп жоқ екені айтылды.
Кәмелетке толмағандардың тұлғалары анықталды, олардың әрекеттеріне құқықтық баға берілді.
Сондай-ақ газ баллонын тікелей шашқан кәмелетке толмағанның бұған дейін үйден бірнеше рет өз бетінше кетуіне байланысты профилактикалық есепте тұрғаны анықталды.
Осы дерек бойынша оқу орнында профилактика кеңесі өткізілді. Жасөспірімдермен және олардың заңды өкілдерімен түсіндіру әңгімелері жүргізілді.
Материалдар қосымша шаралар қабылдау үшін кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға жолданды.
Ата-аналар балалары жасаған бұзақылық үшін, сондай-ақ оларды тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды.
Полиция мұндай әрекеттердің әзіл емес, айналадағыларға саналы түрде қауіп төндіру екенін атап өтті. Мұндай фактілерге қағидатты құқықтық баға берілетіні көрсетілді.
Заңда белгіленген тәртіппен бұл оқиға бойынша материалдар жария етілуі мүмкін, оның ішінде профилактикалық мақсатта, осындай жағдайлардың қайталануын болдырмау үшін.
❗️ Полиция ата-аналарды шет қалмауға, балалардың тәрбиесі мен мінез-құлқына тиісті көңіл бөлуге шақырды. Кәмелетке толмағандардың құқыққа қайшы әрекеттері үшін жауапкершілік сөзсіз екені ескертілді.
#ЗАКОНИПОРЯДОК
📱 POLISIA.KZ


