Шымкентте мектеп оқушысына жасалған шабуыл видеоға түсіп қалды

Шымкентте мектеп оқушысына жасалған шабуыл видеоға түсіп қалды.
Полиция мәліметінше, видеода көршілес тұратын 10-сынып және 5-сынып оқушылары бейнеленген. Қақтығыс алдымен ауызша сөз таласынан басталып, кейін жоғары сынып оқушысы кіші сынып оқушысын көшеде кездестіріп, оған дене күшін қолданған.
Оқиғаға қатысушылардың барлығы ата-аналарымен бірге полицияға жеткізілді. Кәмелетке толмағанның ата-аналары баланы тиісінше тәрбиелемегені үшін жауапкершілікке тартылды.
Жиналған материалдар кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға жолданды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
t.me/kriminal_kazakhstan
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


