Астанада мектеп аумағындағы жанжал тоқтатылды: қатысушылар жауапкершілікке тартылды

Астанада полиция қызметкерлері елордадағы мектептердің бірінің аумағында қоғамдық тәртіпті бұзу фактісін анықтап, тоқтатты.
Анықталғандай, 17 жастағы жасөспірім автокөлікпен оқу орнының аумағына заңсыз кірген. Ескерту жасалған кезде ол агрессивті әрекет танытып, соның салдарынан жанжал туындаған.
Тексеру қорытындысы бойынша оқиғаға қатысқан барлық тұлғалар жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен кәмелетке толмаған жасөспірім мен мектеп қызметкері ұсақ бұзақылық үшін жазаланды. Сондай-ақ автокөлік жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды.
Қосымша түрде жасөспірімнің ата-анасын оны тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр. Материалдар профилактикалық шаралар қабылдау үшін оның тұрғылықты жері бойынша жолданды.
Заң мен тәртіп — қауіпсіздіктің негізі, әсіресе балалар болатын орындарда. Агрессияның кез келген көрінісі мен ережелерді әдейі елемеу қатаң түрде тоқтатылатыны атап өтілді.
Сондай-ақ әрбір осындай жағдайға қағидатты құқықтық баға берілетіні көрсетілді. Бұл тек нақты тұлғалардың жауапкершілігі ғана емес, болашақта осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселесі екені айтылды.
#ЗАКОНИПОРЯДОК
📱 POLISIA.KZ


