Астанада мектеп аумағындағы жанжал тоқтатылып, қатысушылар жауапкершілікке тартылды 🚔

Полиция қызметкерлері Астанадағы мектептердің бірінің аумағында қоғамдық тәртіптің бұзылу фактісін анықтап, оқиғаның жолын кесті.
Анықталғандай, 17 жастағы жасөспірім автокөлікпен оқу орнының аумағына заңсыз кірген. Оған жасалған ескертуге агрессивті түрде жауап беруі салдарынан жанжал туындаған.
Тексеру нәтижесі бойынша оқиғаға қатысқан барлық тұлға жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен кәмелетке толмаған жасөспірім мен мектеп қызметкері ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жазаланды. Сонымен қатар автокөлік жүргізушісі жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін жазаланды.
Қосымша түрде жасөспірімнің ата-анасын оның тәрбиесіне қатысты міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылуда. Материалдар профилактикалық шаралар қабылдау үшін оның тұрғылықты жері бойынша жолданды.
Қауіпсіз орта қалыптастыру үшін, әсіресе балалар бар жерде заң мен тәртіп қатаң сақталуы тиіс.
Кез келген өрескел әрекеттер мен белгіленген талаптарды әдейі елемеу қатаң түрде тоқтатылады.
Полиция әрбір осындай жағдайға міндетті түрде құқықтық баға берілетінін еске салады. Бұл тек жекелеген тұлғалардың жауапкершілігі ғана емес, сонымен қатар алдағы уақытта осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселесі.
#ЗАҢМЕНТӘРТІП
📱 POLISIA.KZ


