Астанада мектеп аумағында жасөспірім қатысқан жанжал болды

Астанада мектептердің бірінің аумағында жасөспірім қатысқан жанжал тіркелді.
Не болды Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 17 жастағы жасөспірім көлікпен елордадағы оқу орнының аумағына заңсыз кірген.
Оған жасалған ескертуге ол агрессивті жауап беріп, соның салдарынан жанжал мен төбелес болған.
Толық мәлімет Тексеру қорытындысы бойынша, оқиғаға қатысқан барлық тұлға жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен кәмелетке толмаған жасөспірім және мектеп қызметкері ұсақ бұзақылық үшін жазаланды. Ал көлік жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жаза алды.
Сонымен қатар, жасөспірімнің ата-анасын оны тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр.
"Материалы направлены по месту его проживания для принятия профилактических мер", – делінген хабарламада.
Полиция мұндай жағдайларға қағидатты құқықтық баға берілетінін атап өтті, өйткені әңгіме балалар болатын орындардағы қауіпсіздік туралы.
Бұған дейін Еске салайық, бұған дейін Астанада құрдас қызға қатысты дау мектеп оқушылары арасында көшенің дәл ортасында қолма-қол төбелеске ұласқан. Нәтижесінде жанжал сотқа дейін жеткен.
Төбелесті оқиға орнына жақын үйлердің бірінің тұрғыны видеоға түсірген және өзі тоқтатқан. Кадрларда жас жігіт жерде жатқан құрдасын ұрып жатқан сәт көрінеді. Оқиғаны бір топ жасөспірім бақылап тұрған. Олардың бірі агрессорды тоқтатуға тырысқанымен, нәтиже болмаған. Төбелесті әйел адамның ашулы топқа айқайлауы тоқтатқан. Осыдан кейін төбелеске қатысқандар мен көрермендер ештеңе болмағандай тарап кеткен.


