Мұхтар Шаханов өмірден өтті

Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы, белгілі ақын, драматург және қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов өмірден өтті.

Кадрда – жас Мұхтар Шаханов. Ақын сахнада өзінің ең танымал өлеңдерінің бірі – «Жігерлендіруді» оқып тұр. Аталған жыр көптеген жастың өмірлік ұстанымына айналғаны айтылды.
Мұхтар Шаханов поэзияны азаматтық ұстаныммен ұштастырып, қазақ әдебиетіне өзіндік өрнек әкелген тұлға ретінде сипатталады. Оның шығармалары ұлттық руханияттың ажырамас бөлігіне айналып, оқырман санасына терең ой мен жаңаша серпін сыйлағаны атап өтілді.
Сондай-ақ ақын ел ішіндегі өзекті мәселелерге үн қатып, ұлт тағдырына қатысты батыл пікірлерімен танылған. Мұхтар Шахановтың жарқын бейнесі мен мұрасы халық жадында мәңгі сақталатыны айтылды.
Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын!


