Жамбыл облысында 9 келіден аса гашиш тәркіленіп, ірі көлемдегі есірткі тарату әрекеті тоқтатылды ☄️

☄️ Жамбыл облысында ірі көлемдегі есірткі тарату әрекетінің жолы кесілді
Меркі – Шу – Бурылбайтал автожолының 122-шақырымында полицейлер жеке тасымалмен айналысатын Шу қаласының 55 жастағы тұрғынының басқаруындағы Volkswagen Golf автокөлігін тоқтатты.
Көлікті тінту барысында жолаушылардың бірінен гашиш салынған пакет табылды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 9 келіден асады. Осылайша полиция қызметкерлері аса ірі көлемдегі есірткі партиясын тарату әрекетінің алдын алды.
— Тәртіп сақшыларының дер кезінде әрі үйлесімді жүргізген жұмысының нәтижесінде шамамен 20 мың реттік тұтынатын есірткі мөлшерінің таралуына жол берілмеді. Бұл — мыңдаған адамның өмірін нашақорлыққа тәуелділіктің ауыр салдарынан сақтап қалуға мүмкіндік берді, — деп атап өтті Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары Мақсат Қанапяев.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
#ЗАҢМЕНТӘРТІП
📱 POLISIA.KZ


