Таразда «синтетика» таратты деген күдікпен 43 жастағы әйел ұсталды ☄️

Таразда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен 43 жастағы әйелді ұстады.
Жеке тінту кезінде одан өзіне тән иісі бар ақ түсті ұнтақ тәрізді зат салынған зип-пакеттер табылып, тәркіленді. Кейін тұрғылықты мекенжайы бойынша жүргізілген тінту барысында жатын бөлмеден де осыған ұқсас орамалар, электронды таразы және есірткіні мөлшерлеу мен қаптауға арналған өзге де құралдар анықталды.
Алдын ала мәлімет бойынша, әйел әлеуметтік желілерден жұмыс туралы хабарландыруды көріп, есірткі таратуға байланысты заңсыз қызметпен айналысуға келіскен. Ол тыйым салынған заттарды жасырын орындардан алып, оларды бөліп қаптап, Алматы және Тараз қалалары аумағында «закладка» арқылы таратқан.
Ұсталған азаматшадан барлығы 122 грамм Альфа-PVP синтетикалық есірткісі тәркіленді.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға, сондай-ақ қылмысқа қатысы болуы мүмкін өзге тұлғаларды анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
#ЗАКОНИПОРЯДОК
📱 POLISIA.KZ


