Қырғызстанда жер сілкінісі тіркелді: магнитудасы 4,1 және 4,5 деп көрсетілді

Қазақстандық сейсмологтар Қырғызстанда болған жер сілкінісін тіркеді.
Қазақстандық деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, жер сілкінісі 16 сәуір күні Астана уақытымен 04:57-де болған. Жерасты дүмпулерінің магнитудасы 4,1 болған.
Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының мәліметі бойынша, магнитудасы 4,5 болған жер сілкінісінің ошағы Конорчок ауылынан солтүстікке қарай 18 шақырымда және Нарын қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 115 шақырымда орналасқан.
Елді мекендердегі жер сілкінісінің қарқындылығы:
- Конорчок, Чолок-Каин ауылдарында — 3,5 балл;
- Кош-Булак, Джаны-Тилек ауылдарында — 3 балл;
- Баетово аудан орталығында — 3 балл.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


