Жетісу облысында магнитудасы 4,4 жер сілкінісі тіркелді

Сейсмологтар Жетісу облысында жер сілкінісін тіркеді.
Қазақстандық деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, жер сілкінісі 31 наурыз күні Астана уақытымен 00:42-де болған. Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Жаркент қаласынан солтүстік-батысқа қарай 33 шақырым жерде орналасқан.
Жер сілкінісінің магнитудасы 4,4 болды. Қазақстан аумағында жер сілкінісінің сезілгені туралы мәлімет жоқ.
Еске салайық, 19 ақпанда Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі болған. Ол кезде жерасты дүмпулерінің магнитудасы 5,0 болып, дүмпулерді Алматы облысының тұрғындары сезген.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


