Қазақстандық сейсмологтар Қырғызстандағы 4,9 магнитудалы жер сілкінісін тіркеді

Қазақстандық сейсмологтар Қырғызстан аумағында болған жер сілкінісін тіркеді.
Қазақстандық деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, жер сілкінісі 2 сәуір күні Астана уақытымен 04:28-де болды. Жерасты дүмпулерінің магнитудасы 4,9 болды.
Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының сейсмология институтының дерегіне сай, жер сілкінісінің ошағы Өзген қаласынан 3 шақырым, Куршаб ауылынан 5 шақырым, Қара-Суу қаласынан 30 шақырым және Ош қаласынан 45 шақырым қашықтықта орналасқан.
Елді мекендердегі жер сілкінісінің қарқындылығы:
- Өзгенде, Мырза-Арык және Карол ауылдарында — шамамен 4,5 балл;
- Куршаб, Мырза-Аке, Красный Маяк және басқа ауылдарда — 4 балл;
- Қара-Сууда, Отуз-Адыр, Курбу-Таш, Ничке-Сай, Салам-Алик ауылдарында — 3,5 балл;
- Ошта, Манас, Кок-Янгак елді мекендерінде — 3 балл.
Еске салайық, 31 наурызда Жетісу облысында бірден үш жер сілкінісі болған. Алғашқысы 31 наурызға қараған түні тіркеліп, жерасты дүмпулерінің магнитудасы 4,4 балл болды. Екінші жер сілкінісі 11:11-де болып, оның эпицентрі Жаркенттен солтүстік-батысқа қарай 52 шақырым жерде орналасқан.
Жители двух городов Казахстана почувствовали землетрясение
Үшінші жерасты дүмпуі сейсмикалық станциялар желісімен 13:23-те тіркелді. Оның эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 267 шақырым жерде орналасқан. Жаркенттегі есептік қарқындылық 2 балл болды.


