Жамбыл облысында құтқарушылар баланың саусағын спиннерден босатты

Бүгін Жамбыл облысының 112 пультіне баланың саусағы ойыншыққа қысылып қалғаны туралы көмек сұраған хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері дереу жетті.
Анықталғандай, жасөспірім спиннер ойыншығының тесігіне саусағын салып, өздігінен шығара алмаған. Құтқарушылар арнайы аспалы құралдардың көмегімен баланың саусағын босатты.
Бала зардап шеккен жоқ.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


