Приозерск қаласында құтқарушылар 2014 жылы туған баланың саусағын металл есіктің саңылауынан босатты

Қарағанды облысы Приозерск қаласында тұрғын үй маңында 112 пультіне 2014 жылы туған баланың саусағы футбол алаңы аумағындағы металл есіктің саңылауына қысылып қалып, шығара алмай жатқаны туралы хабарлама түсті. 🚨

Оқиға орнына ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жедел жетті. Арнайы құралдардың көмегімен құтқарушылар металл бөлігін кесіп, баланың саусағын босатты.
Құтқарушылардың жедел әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында бала жарақат алған жоқ, медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


