АҚШ, Иран және өңірлік делдалдар 45 күндік уақытша бітім туралы келіссөз жүргізіп жатыр

АҚШ, Иран және өңірлік делдалдар қақтығысты ықтимал реттеудің алғашқы кезеңі ретінде 45 күндік атысты тоқтату режимін енгізу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр.
Дереккөздердің мәліметінше, екі кезеңнен тұратын жоспар талқылануда. Бірінші кезеңде 45 күнге уақытша бітім орнату ұсынылады. Осы уақыт ішінде тараптар түпкілікті бейбіт келісімнің шарттарын келісуі тиіс. Қажет болған жағдайда бұл мерзім ұзартылуы мүмкін.
Екінші кезең толыққанды келісімге қол қоюды көздейді. Ол қақтығысты түпкілікті аяқтауы тиіс.
Басылым дереккөзіне сүйенсек, АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі соңғы күндері Иранға бірнеше ұсыныс жолдаған, алайда ирандық тарап әзірге олардың ешқайсысын қабылдамаған.
Дереккөздер алдағы 48 сағат ішінде келісімге қол жеткізу ықтималдығын төмен деп бағалайды.
Еске салайық, 4 сәуірде Трамп Иранға АҚШ-пен мәміле жасау үшін 48 сағат қалғанын, әйтпесе қуатты шабуыл болатынын мәлімдеген.
Тегеранда ультиматумды қабылдамай, АҚШ президентінің өзін «тозақтың түбіне жібереміз» деп уәде берген.


